Түркістан облысы

Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 43 адамға жетті

0
(0)

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 43-ке жетті.

Атап айтқанда, Арыс қаласы, Наурыз ауылының  1965 ж. туған азаматша, 1987 ж., 1989 ж., 1998 ж., 2004 ж.,  2010 ж. туған бір отбасының мүшелері және Бәйдібек ауданы, Бөген ауылдық округі, Мыңбұлақ ауылының 1987 ж.тұрғыны COVID-19 вирусын жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған.

Жалпы, облыс көлемінде Кентауда – 5, Ордабасы  – 2, Сайрам – 2, Мақтарал – 4, Арыс – 14, Сарыағаш – 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close