Түркістан облысы

Түркістан: Түлкібаста жаңа балабақша пайдалануға берілді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 100 балаға шақталған «Жас дарын» жеке балабақшасы пайдалануға берілді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадірбек, округ әкімі М.Телғараев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Аудан әкімінің орынбасары әлеуметтік нысанды жеке өз қаржысына соққан Байбатшаев Теміржан Асайұлына аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, Алғыс хатын табыс етті.

Осы уақытқа дейін ескі ғимаратта мектепке даярлық білімін алып келген Балықты ауылының бүлдіршіндері енді жаңа, барлық стандартқа сай балабақшаға көшіріледі.

Бүгінде ауданда 51 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішінде 48 балабақша, 3 шағын орталық қызмет көрсетуде. Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды.

Қазіргі таңда ауданымызда барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау «balabaqsha.snation.kz» жүйесімен автоматтандырылған. Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл нақты баланың келіп-кетуін бақылайтын ашық жүйе болмақ. Сонымен қатар алдағы уақытта балабақша педагогтеріне арналған оқу-әдістемелік кешенімен, көмекші материалдардан тұратын «bilimkids. kz» онлайн білім беру платформасын енгізу жұмыстары іске аспақ. Бұл өз кезегінде тәрбиешілердің білімін шындап, заманауи оқу-процестерін меңгеруге зор септігін тигізбек.

Айта кетейік, облыста 2020 жылғы наурыз айының 20 жұлдызына дейін 1447 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасады. Оның: 1271 балабақша (273-мемлекеттік, 998-жекеменшік), 176 мемлекеттік шағын орталық. Онда 1-6 жастағы 153296 (96,0%) бала тәрбиеленуде, оның ішінде 3-6 жастағы 119834 бала қамтылып, ол 99,8% құрады. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың үлесінің 69,0 % жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды. Балабақша кезегінде 1-6 жас бала саны –8159 оның ішінде 3-6 жас аралығындағы кезектегі бала саны- 380). Облыс әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы Түркістан облысының аумағында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия отырысының №2 хаттамалық тапсырмасының 5-тармағына сай меншік нысанына карамастан (мемлекеттік, жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымдар а.ж.20 наурызынан бастап уақытша жумыстарын тоқтатты. Мектепке дейінгі ұымдардағы қызметкерлердің еңбек жалақысы сақтала отырып, үйлерінде, өз өтініштері бойынша кезекті еңбек демалысында, тәрбиешілер (ватсап, телефон ) арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ата-ананың келісімімен тапсырмалар беріп, қашықтықтан ата-аналармен тығыз байланыста. Мекемелерде тек басшылары, шаруашылық меңгерушісі, бухгалтерлері және қарауылдары кезекшілік етуде.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.