Түркістан облысы

Түркістан: Жетісай мен Мақтааралда ағын суды молайту бағытындағы жұмыстар жалғасады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Жетісай және Мақтаарал ауданына жасаған жұмыс сапарында ағын су мәселесіне тоқталып, осы бағыттағы жұмыстарды саралады, деп newsroom.kz хабарлайды. Өйткені осы аймақтардың тұрғындардан түсетін өтініштердің бір бөлігі ағын суға байланысты.

Өңір басшысы Жетісайдағы Тік дренажды ұңғымаларды пайдалану өндірістік бөлімшесінде болып, шаруалармен кездесті. Бұл бөлімше Жетісай мен Мақтаарал аудандарындағы суармалы егістік алқаптарының ирригациялық-мелиоративтік жағдайын жақсарту, жер асты суының деңгейін бір қалыпты жағдайда ұстау, жердің тұздану мөлшерін азайтумен айналысады.

Өңір басшысы аудандағы елге аса қажетті әрі стратегиялық маңызы бар каналдар мен су нысандарының құрылысын сапалы жүргізу, елдің сұранысына сай жаңа жобаларды бюджетке ұсыну жұмыстары бір сәт тоқтамауы тиіс екенін жеткізді.

Жетісай және Мақтаарал аудандары бойынша 731 тік дренажды ұңғыма бар болса, оның 392-сі Жетісай ауданына қарасты. Бүгінгі таңда Жетісай ауданында 170 дана тік дренажды ұңғыма жұмысқа жарамды. Қызылқұм, Ш.Ділдәбеков, Мақталы, Ж.Ералиев, Абай, Ынтымақ ауылдық округтерінде мәселе өзекті.

«Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты «Тік дренажды ұңғымаларды пайдалану» өндірістік бөлімшесі есебінде Мақтарал, Жетісай аудандар бойынша тік дренаждардың саны – 360 дана. Соның ішінде: 318 данасы жұмысқа жарамды, ал 42 данасы қайтадан қалпына келтіруді қажет етеді. 360 дана тік дренажды ұңғыма 72205,6 га суармалы жердің жер асты суларының деңгейін төмендетіп, топырақтың құнарлылығын жақсартады. Мақтарал ауданы аумағында ПУИД-2 жобасы арқылы 150 дана тік дренаждардың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ол жұмысқа қосылған жағдайда 45786 га жердің құнарлылығын арттырады.

Жетісай ауданы, Асық-ата өңіріндегі жобаланған 210 дана тік дренаж іске қосылған жағдайда 18008,4 га суармалы жердің жағдайы жақсарады. Тік дренаждардың жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылған. Жоспар бойынша жұмыс 2022 жылдың төртінші тоқсанында басталуы керек. Шаруалармен, су саласы мамандарымен кездесуде К-30 шаруашылық каналын гидротехникалық имараттарымен, автоматтандырылған су есептегіш және су таратқыштарымен қайта құру жобасы да талқыланды. К-30 каналы «Достық» республикааралық магистралды каналынан бастау алып, жалпы Жетісай ауданындағы 4 елді мекендегі 13034 га жерді сумен қамтамасыз етуге негізделген. Қазір жұмыстың 59 пайызы аяқталған. Бүгінгі таңға құрылыс материалдарының құны күрт өсу салдарынан жобаға қосымша қаржы қажеттілігі туындаған. Тапсырыс беруші тарапынан қаржы министірлігіне толық құжаттар әзірленіп, жұмыстар атқарылып жатыр.

Өмірзақ Шөкеев ағын су мәселесі мыңдаған тұрғын үшін аса өзекті екенін айта келе, су нысандары уақтылы тапсырылуы тиіс екенін айтты. Қос аудан басшысына тапсырыс берушімен және мердігермен бірге осы бағытта жұмысты ширатуды тапсырды.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Көксарай су реттегішіне су жинау 16 наурызда басталды, 11 сәуірге дейін 822 млн.м3 су жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1086 млн. м3 аз (2021 ж. – 1907,35 млн. м3). Көксарайдан су жіберу ағымдағы жылғы 11 сәуір мен 29 мамыр аралығында жүзеге асырылды, бүгінгі күні контрреттегішке су көлемі – 24,4 млн.м3 құрайды. Шардара су қоймасына вегетацияаралық кезеңде (қазан-наурыз) ағымның төмен болуына байланысты ағымдағы жылы Көксарай су реттегішін толтыру күтілмегенін атап өткен жөн. Өткен вегетация аралық кезеңде Шардара су қоймасына ағын 8 млрд.272 млн. м3 құрады, бұл болжамды кестеден 2 млрд. 69 млн. м3 аз (10 млрд. 341 млн. м3).
Осыған байланысты, ақпан айында вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстары шеңберінде Министрлік Түркістан және Қызылорда облыстарында ЖАО, су шаруашылығы ұйымдары мен АШТӨ өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңестер өткізді, онда қалыптасқан су шаруашылығы жағдайы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және тараптардың іс-әрекеттері айқындалды.

Сонымен қатар, бұл мәселе Үкімет отырыстарында талқыланып, Министрлік Түркістан облысының әкімдігіне Көксарай контрреттегішінің айналасындағы дақылдарды алып тастауды ұсынды. Бұдан басқа, жеткізу және бұру арнасында, сондай-ақ контрреттегіш тостағанның өзінде пайдалану қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға су алуға жол берілмейді. Сонымен қатар, а.ж. 12-29 наурыз аралығында Сырдария өзені бассейнінде қатты жауын-шашын болған, соның нәтижесінде осы кезеңде Шардара су қоймасына шамамен 1,5 млрд. м3 су келіп түскен, бұл оны 5 млрд. м3 дейін толтыруға, Қызылқұм каналына су алуды 160 м3/сек дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді (осы уақыт аралығында сұратуға сәйкес 9 күн), Көксарай су реттегішіне су жинауды бастау және төменгі ағысқа су жіберуді ұлғайту, бұл жаппай вегетация басталар алдында өзен арнасын толтыруға және Арал-Сырдария бассейнінің экожүйесін жақсартуға мүмкіндік берді. 27 сәуірде Түркістан қаласында Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының отырысы шеңберінде Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамды жұмыс режимі келісілді, оған сәйкес Шардара су қоймасына вегетациялық кезеңдегі ағын 3 млрд.900 млн. м3 құрауы тиіс, ол вегетациялық кезеңнен елеулі шығынсыз өтуге мүмкіндік береді. Мәселен, болжамды кестеге сәйкес Шардара су қоймасына сәуір-шілде айларында су ағыны 3100 млн.м3 құрайды, бұл ретте 13 шілдедегі жағдай бойынша су ағыны 3345 млн. м3 құрады. МҮСК болжамын ескере отырып, Министрлік Шардара су қоймасының ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңіне арналған болжамды жұмыс кестесін есептеді.
Есептеулерге сәйкес, шілде – қыркүйек кезеңінде су қоймасына құйылу МҮСК болжамынан төмен болған кезде, вегетациялық кезеңнің соңына қарай Шардара су қоймасының көлемі 1,009 млрд. м3 құрайды, бұл ретте есептеулерде Қызылқұм каналына 309 млн. м3 көлемінде су алу және Жетісай ауданына машина каналы бойынша 41 млн. м3 көлемінде су беру ескерілді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.