Түркістан облысы

Кентау қаласында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша семинар өткізілді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Кентау қаласында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша шаруа қожалықтары және кәсіпкерлермен семинар өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жиынға қала әкімі Рашид Аюпов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы филиалы басшысының орынбасары Азат Муйтембаев, «Оңтүстік» АИО несиелендіру департаментінің бас менеджері Мақсат Асанов, «Ырыс» МҚҰ аймақтық сарапшысы Нұрдаулет Кеңесбаев, «Атамекен» ҰКП Кентау қалалық филиалының директоры М.Садуов, «Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Кентау бөлімінің басшысы Х.Мәденбай қатысты.

Келелі жиынды қала әкімі Рашид Абатұлы ашып, семинардың мақсатына тоқталды. Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жаңа әдіс-тәсілдер мен несие ұйымдарының бағдарламаларын кеңінен түсіндіру мақсат екенін атап өтті. Қажетті ақпарат алып, шаруашылықты дамытуға қолдануды ұсынды.

— Жеріміз жеткілікті. елімізде азық-түлік бағасы шарықтап барады. Сол себепті, ауыл шаруашылығын дамыту арқылы ғана біз осы мәселені шешуге мүмкіндіктер аламыз. Ол үшін шаруалар жан-жақты тәжірибе алмасып, заманауи тәсілдер арқылы өнім өндіруді қолға алу қажет —, деді қала басшысы.

Әр баяндамашы өз саласы бойынша мемлекеттен берілетін көмектер мен ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ақпарат беріп, тәсілдермен бөлісті. «Bnk Leasing» компаниясының өкілдері егін шаруасына қолданатын тиімді суғару техникасы жайында түсіндірме жүргізді.

Кентау қаласына Оңтүстік Кореядан әкелінген шағын жаңа техника таныстырылды. 20-25 гектар жерді үнемді суғаруға арналған техника 400 метрге дейін су шашып, егінді суғарады.

Бұл құралды Европа, Америка, Канада елдерінде өте көп қолданады. Ең бастысы, мемлекет тарапынан осы техниканы алып қолданғаны үшін субсидия беріледі. Бір техниканың өзі 8 сағатта 3 гектар жерге су шашуға қауқарлы. Айта кетейік, елімізде күннен күнге су тапшылығы байқалуда. Сол себепті облыс әкімі Ө.Шөкеев шаруашылықтағы басты мәселені шешу бағытында жаңбырлатып суғару әдісін қолдану жағын ұсынған болатын.

Семинарда несиелендіру бойынша баяндама жасалып, төменгі пайызбен несие алып, шаруаны көтеру тұстары түсіндірілді. Шаруашылықта кооператив құрудың тиімділіктері мен мүмкіндіктері айтылды.

Шаруашылықтан бөлек, туризм саласын дамыту жағы да аталып өтті. Туризм – инвестициялық жобаға енгізілген. Бұл салаға да мемлекеттен көрсетілетін қолдаулар барын баяндаған қала әкімі мұндай семинарды әр тоқсанда өткізіп, туризм саласына да кеңірек тоқталып өтуді ұсынды. Ол сала бойынша да жан-жақты ақпарат беретін мамандар шақырылатынын жеткізді.

IT саласының мамандары делдалсыз өнімдерін сатуға мүмкіндік беретін жаңа жүйені таныстырды. Ол жайында халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпарат берілмек. Жаңа жүйе арқылы шаруа қожалығы өнімін өз бағасында сатып қана қоймай, көп мүмкіндіктер ала алады.

Келелі жиында шаруа иелері қажетті сауалдарына сала мамандарының өзінен жауаптарын алып, алдағы уақытта да кеңесіп тұруға уағдаласты. Мұндай қажетті семинарды әр тоқсанда өткізу жоспарға алынды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.