Түркістан облысы

Кентауда заманауи қоқыс жәшіктері қойылуда

Кентау қаласында қоқыс жәшіктері жаңартылады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, бүгінгі күні қаладағы халық көп шоғырланатын басты көшелер мен аллеяларға, саябақтар алаңдарына қою жұмыстары басталды деп newsroom.kz хабарлайды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жәшіктер заманауи үлгіге сай ыңғайлы жасалынған. Жаңа қоқыс жәшігі үш бөліктен құралған. Яғни шыны ыдыстары, пластикалық қалдықтар, тұрмыстық заттардың қалдықтары бөлек салынады.

Әрбір қоқыс жәшігіндегі қалдықтарды күн сайын тазалық мекемесі тазалап отырады. Үш бөліктен тұратын қоқыс жәшігінен қалада 200-ін орналастыру, ал қарапайым кіші қоқыс жәшіктен 100-ін қою жоспарланған.

Айта кетейік, қалада қоқыс жәшіктерін орнату және жаңарту мәселесі тұрғындар тарапынан көтеріліп келген. Қала әкімі Рашид Аюпов тұрғындармен кездесуінде бұл мәселені шешу жағы қарастырылып, тиісті шаралар жүзеге асырылатынын атап өткен болатын.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.