Түркістан облысы

Түркістанда «Шаға» жағажайы ашылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан қаласында тұңғыш рет жағажай ашылды деп newsroom.kz хабарлайды.

Тарихи шаһардағы туристік-рекреациялық орталығының ашылу салтанатына Түркістан облысының аудан, қалалары мен Шымкент қаласынан және өзге де шаһарлардан саяхатшылар келді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Шаға» жағажайын аралап көріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Жағажайдың ашылуында балаларға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сонымен бірге көпшіліктің қатысуымен түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұсынылып, байқаулар өтті. Су айдынында желкенді қайықтар жүзіп, облыстың ескек есушілері өз шеберліктерін көрсетті. Танымал диджейлер мен өнерпаздар өнер көрсетсе, кештің басты әншісі Қайрат Нұртас өз жерлестеріне әннен шашу шашып, Түркістандағы жағажайдың ашылуымен құттықтады.

Жағажайға келген демалушылар Түркістанда ашылған жаңа туристік орынға ризашылықтарын білдірді. Отбасымен суға шомылып, көңілді байқауларға қатысып, шоу-бағдаламаны тамашалады. Жағажай жұмысын бастаған алғашқы күннің өзінде бірнеше мың адам келіп, «Шағадан» шаттанып қайтты. Бұл жағажай туризмді дамытып қана қоймай, Түркістан аумағын көгалдандыру, ауа райын жақсартуға да оң серпін бермек.

Демалыс аумағының құрылысы 2020 жылы қараша айында басталды. Жалпы ауданы – 81 гектар. Ал суының сыйымдылығы – 2,5 млн. текше метрге жуық. Қазіргі таңда жасанды су айдынында 2 млн. текше метр су бар. Көктемгі суды қабылдайтын, су жіберетін каналдар да дайын.

Жағажайда емдік қасиетке ие шағыл құм төселіп, ағаш отырғызылған. Жаңа туристік нысанға баратын жолдың сапасы да жоғары деңгейде. Алдағы уақытта балалар демалыс аумағы, элиталық коттедждер мен қонақүйлер, аквапарк салынады деп жоспарланып отыр.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.