Түркістан облысы

ТҮРКІСТАН: COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ЖҮРЕГІНЕ ОТА ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ЖҮРЕГІНЕ ОТА ЖАСАЛДЫ

0
(0)

Туғанына небәрі 11 күн болған сәби Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сайрам ауданынан ауыр халде жеткізілген. Медициналық жедел-жәрдем қызметімен жеткен шақалақтың дене қызуы көтеріліп, ентігу белгілері болған. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылады. 

 

Жүргізілген диагностикалық зерттеулердің нәтижелері нәрестеден туа біткен жүрек ақауы белгілері анықталған. Жүрек қалқасының тарылуынан бала өміріне қауіп болды, дейді дәрігерлер. Оған қоса жаңа туған сәбидің пневмония мен коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталған. Облыстық балалар ауруханасының кардиохирургы Алмат Байсалов жетекшілік еткен білікті дәрігерлер құрамы аса маңызды шешім қабылдап, шұғыл түрде ота жасауға бел буады. Екі сағатқа созылған операция сәтті өтті. Бала аман. Отадан кейін бірден қан жүріп, қан қысымы реттеледі. 

 

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермес үшін дәрігерлер операцияны арнайы ота залында емес, дәл жансақтау бөлімінде жүргізген. Сәби әлі де сол жерде ем қабылдауда. Оған жеке дәрігер, жеке медбике бекітілген. Бала өмірін арашалап қалған кардиохируг-дәрігерлер Алмат Байсалов пен Алмаз Аширов және анестезиолог Ақжол Абдраимов, реаниматолог-дәрігерлер Ғабитжан  Исмаилов пен Ерлан Рахымовқа ата – аналары шексіз алғыстарын білдіруде.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close