Түркістан облысы

Дархан Сатыбалды көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін қабылдады, деп newsroom.kz хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дүбірлі додада ел намысын қорғаған жүлдегерлердің жеңісін жоғары бағалаған аймақ басшысы оңтүстік өңірінің спортшыларына қаржылай сертификат пен облыс құрама командасының бірыңғай формасын табыстады.

– Сіздер Түркістан облысының ғана емес, күллі Қазақ елінің атын шығарып жүрсіздер. Көкпардан бірінші орын алғандарыңызды естіп, еңсеміз көтеріліп қалды. Жеңіс құтты болсын! Жалпы бұрын қазақтың өмір салтының өзі спортқа негізделген ғой. Ат спорты, жекпе-жек түрлерінен мықты спортшыларымыз көп. Жамбы атудан жүлде алған бауырымыздың да жетістігі қуантады. Өте қиын спорт түрінен екі медаль еншілеп отыр. Ұлттық спортты ұлықтаған барша жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын! Жуырда ғана қазақ даласын дүбірге бөлеген «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде де Түркістан облысының спортшылары 3-орынды иемденді. Біз спорт саласын әрдайым қолдаймыз. Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Түркістан облысында өткізуге ұсыныс беріп жатырмыз. Байрақты бәсекелерді қабылдау арқылы елдің абыройы көтеріледі, – деген Дархан Сатыбалды жаттықтырушылар мен спортшылардың ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.

Көшпенділер ойындарында көкпар спорты бойынша Қазақстан құрама командасы 1-орынды жеңіп алған болатын. Құрама сапында Арман Жамалбеков, Абылайхан Нышанбеков, Дәулет Айтан және Әділет Мамыт сынды Түркістан облысының 4 спортшысы жеңісті сәтті жақындатуға еселі үлес қосты. Ал Ералхан Айкөз жамбы атудың түрік стилі бойынша «қабақ» атудан – екінші орын, «табла» атудан үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, көшпенділер ойынына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысқан. Қазақстанның атынан 50 спортшы көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көк бөрі спорт түрлерінен бақ сынады.

Фото: Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.