Түркістан облысы

Төлебилік шаруа сүт өндіруді қолға алған

0
(0)

Төлебилік шаруа тәулігіне бір тонна сүт өткізеді, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Сарқырама елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Есімхан Дауытбеков мал шаруашылығын дамытуды қолға алған. Қожалық иесі сүтті бағыттағы сиырларды Ақтөбе қаласынан арнайы алдырып, бүгінде төл басын көбейтіп отыр.

«Асыл тұқымды сүтті бағыттағы голштейн сиырларын 2019 жылдан бастап бағып келемін. Алғашқы кезде 45 бас сиыр, кейін 6, тағы қосымша 25 бас сиыр сатып алдым. Ірі қара малды күтіп-бағу ісіне отбасымызбен атсалысып келеміз. Күніне әр сиыр 20 литрден 45 литрге дейін сүт береді. Тәулік бойы жиналған бір тонна сиырды сүт зауытына өткізіп отырамын», – дейді шаруа.

Кәсіпкер бүгінде ауылдың 2 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қысқы мезгілге мал азығын толық дайындап алғанын айтқан шаруа кәсіпті дөңгелетуге мемлекеттен субсидия алғанын жеткізді. Бүгінде сиырлар төлдеп, қорада 40-қа жуық бұзау бар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button