Түркістан облысы

Түркістан: Инвестордың есебінен мектеп құрылысы басталды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында мектеп салу мәселесіне жеке кәсіпкерлерді қатыстыру жайын тапсырған болатын. Осыған орай жергілікті билік өкілдері білім беру ұйымдарының құрылысын салуға инвестор тарту жұмыстарын қолға алып жатыр. Осындай жұмыс Арыс қаласында жүзеге асуда. Қалаға қарасты Онтам елді мекеніне мемлекет пен жекеменшік әріптестік негізінде 150 орындық мектеп салынатын болды.

Арыс қаласының іргесіндегі Онтам ауылында шағын жинақты бастауыш мектеп қана бар. Мұнда 50 оқушы білім алады. Ал жоғары сынып оқушылар көршілес жорналасқан  Ақдала ауылындағы мектепке тасымалданады. Жалпы алғанда ауыл тұрғындарының саны 500-ге жуық болса, оның 105-і мектеп жасындағы балалар.

Гүлжан Құрманбекова- Арыс қаласының әкімі

Көптен бері мәселесі шешілмей жатқан Арыс қаласы  Онтам елдімекенінде 150 орындық мектептің бүгін іргетасы қаланып, құрылыс басталып жатыр. .Жолдауда көрсетілген тапсырмалар бойынша жұмыс атқаратын боламыз. Және де жеке кәсіпкерлердің мектеп салуға қызығушылығы көп.

Жаңадан салынатын мектеп 2,5 гектар шамасындағы аумаққа орналасады. Білім ошағының  спорт алаңы  болады. Құрылысқа жергілікті 50 азамат жұмылдырылды.

Клара Нұрманова –жеке кәсіпкер

Мына елдімекенге мектеп салу көптен бері ойда бар еді. Қала әкімінің қолдауымен , халықтың қолдауымен осы іс жолға қойылып жатырРахмет көпшілікке. Мына елдімекеннің жұмысшылары жұмыспен қамтылсын.Оқушылар қыста жаурамай мектепке барсын деп халықтың игілікті ісін бастап отырмыз.

Арыс қаласында 37 мектеп бар. Онда 20 мыңнан аса оқушы білім алуда. Қала халқының өсуіне байланысты таяудағы 2 жылда 3 мектеп салынуы тиіс.

Момбек Әшімханов- Арыс қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы02,40 Алдағы уақытта тағы да қосымша Отырар және Наурыз мөлтекаудандарында 600 орындық облыстық бюджеттен басталатын болады. Келер жылы аяқталады. Алатау мөлтекауданында да келер жылы жоспарланып отыр.

Онтамдағы мектепті2023 жылда аяқтау жоспарланған. Дегенмен жеке кәсіпкер,  нысанды  келер жылы  пайдалануға беруді көздеп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.