Түркістан облысы

Түркістан облысының «жасыл» аймақта болуының құпиясы неде

Түркістан облысы неге үнемі өзге өңірлерден ерекше «жасыл» аймақта тұрады? ПТР тест нәтижесі мен ауру көрсеткішін жасырып отырған жоқсыздар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовқа осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды newsroom.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Иә, бұл сұрақ бәріне қызық. Сіз ғана емес, министріміз де үнемі сұрайды. Түркістан облысы 15 тамыздан бері «жасыл» аймақта екенін айттым. Біріншіден, бізде вакцинация деңгейі өте жоғары. Екіншіден, ешкім ешкімнен ештеңе жасырып отырған жоқ. Бірнеше рет комиссия келіп тексерген болатын. Сол кезде де ешкім ешқандай деректі бүркемелеп отырмағаны дәлелденген. Одан кейін бізде халықтың тығыз қоныстануы басымдық болып тұр қазір. Өзге өңірлерде халық қалаларда тығыз шоғырланған болса, бізде ауылды елді мекендерде халық көбірек қоныстанған», – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ол, эпидаухалды облыс басшылығының тікелей бақылауда ұстауы да тәртіптің босаңсымауына себеп болып тұрғанын жеткізді.

«Санитарлық норманың бәрін сақтау, бас санитар дәрігердің қаулыларын орындау да оң әсер етеді. Өйткені облыс әкімі бәрін жеке бақылауында ұстап отыр. Апта сайын штаб кеңесі өтеді. Әр штаб жиынында бас санитар дәрігер екеуіміз эпидахуал туралы баяндап отырамыз. Әкім мобильді топтардың жұмысын да тікелей қадағалайды. Бұл бәріміздің ортақ іске жұмылып кірісуімізден деп ойлаймын. Әрине, халықтың жауапкершілікті, бәрі адамға байланысты екенін түсінуі де маңызды. Әркім өзінен бастауы керек. Санитарлық нормаларды, вакцинация және әлеуметтік қашықтықты сақтау керек», – деген ведомство басшысы облыста ПТР-тест көрсеткіші де жоғары екенін айтты.

«Ал ПТР тест сынамасының санына келсек, республика бойынша 3-4 мың тест жүргізілсе, біз бұл көрсеткіш бойынша ең көп тест алатын өңірлердің қатарындамыз. ПТР тестіні оңды-солды алып жатқан жоқпыз. Белгілі бір санаттардан аламыз. Оның бәрі бас санитардың қаулысымен реттеледі», – деді Марат Пашимов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.