Түркістан облысы

Өмірзақ Шөкеев Түркия инвесторларымен кездесті

0
(0)

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықаралық «Dogus Group» инвестициялық тобының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.

Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткеніндей, білім сапасын арттыру, ауыл шаруашылығын дамытып, жоғары деңгейдегі қайта өңдеу ісінің жаңа өндірістік бағыттарын құруға ерекше назар аударуда екенін атап өтті. Тараптар инфрақұрылым мен химия өнеркәсібі салаларын дамытуға қатысты жобаларды талқылады. Облыс басшысы Түркістан өңірінде жүзеге асып жатқан ауқымды жобаларға тоқталды.

«Түркістан облысы жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін өте ыңғайлы инвестициялық алаң. Жем-шөп, сүт, ет фирмасын шығаратын инвесторларымыз бар. Біз сізге осы бағыттардың бірін ұсына аламыз. Сондай-ақ, жылыжай салуға болады. Ал, инфрақұрылым жобаларына келетін болсақ, жолдар темір жолдар мен көпірлер салуға көзқарасымыз оң. Біз бұл жобаларды қуана қолдаймыз», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Өз кезегінде түрік инвесторы Түркістан өңірі мен облыс орталығының экономикалық даму бағытын жоғары бағалап, бірқатар жобаларға қызығушылық танытты. Түркістан қаласында құрылған «Азық-түлік» белдеуін дамытуға атсалысуға ниетті. Осыдан тура 70 жыл бұрын құрылған халықаралық түрік инвестициялық тобы танымал брендтермен бірлесе жұмыс істеп, Түркияны бүкіл әлемге танытқан.

Doğuş Group автомобиль өнеркәсібіндегі Volkswagen AG және TÜVSÜD құрамына кіреді, Hyatt International Ltd. Туризм саласында, азық – түлік және сусындар саласында атағы әлемге әйгілі компания. Сондай-ақ Оңтүстік Кореяның ірі әлемдік ойыншылармен серіктестік қарым-қатынаста жұмыс істейді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button