Түркістан облысы

Түркістан: Келестегі каналда ағынсу көбейтілді

0
(0)

Келес өзенінен бастау алатын Шошым каналындағы ағын судың мөлшері көбейтілді, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.

Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев тиісті сала мамандарымен Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан «Шошым» су бөгетіне барып, судың деңгейін көзімен көріп, тиісті сала басшылығымен келіссөздер жүргізе отырып, Шошым» магистралды каналына су өлшеу бекетінен ағын су мөлшерін арттыруға қол жеткізілді.

Аталған келіссөздің мақсаты каналдың етегінде орналасқан Келес ауданының Біртілек ауылдық округі Көлтөған елді мекеніндегі шаруаларға суды жеткізу болып табылады. Көрші ауданның су шаруашылығы мекемесінің басшылығымен канал бойындағы тоғандарды бақылауға алуға келісілді.

Айта кетейік, «Шошым» магистралды каналы 28,5 шақырым, оның ішінде 17,0 км «Сарығаш ауданы су шаруашылығы» МКК теңгерімінде, ал 11,5 км «Келес ауданы су шаруашылығы» МКК теңгерімінде. «Шошым» МК іргелес жер көлемі 2482 га, оның ішінде Сарыағаш ауданы аумағында 1075га, Келес ауданы аумағында 1407 га бар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button