Түркістан облысы

Түркістан: Төлебиде Хакім Абайдың туған күні аталып өтті

0
(0)

Ленгір қаласындағы «Абай» аллеясында ұлы ақынның туған күніне орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.

Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толды. Абай Құнанбайұлының мерейтойы мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, соның ішінде ЮНЕСКО аясында аталып өтілді. Абай – ақын, Абай –дана. Халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама ақынның шығармаларының әлі күнге дейін құндылығы жоғалмауы біз үшін үлкен мақтаныш.

Ленгір қаласындағы «Абай» аллеясында ұлы ақынның туған күніне орай, мерекелік іс-шара өтті. Ауданның зиялы қауым өкілдері Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев оның қара сөздерінен үзінді оқыды. Мерекелік іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Әбдиев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Әсілбек, зиялы қауым өкілі С.Бекмұрзаев қатысып, ұлы ақынның өмір жолы мен шығармалары жөнінде әңгімеледі.

«Ұлы ақынның шығармалары бүгінде өзектілігін жоғалтқан емес. Ақынның ой-тұжырымдары, қара сөздері, өлеңдері баршамызға қашанда рухани азық болып табылады. Абай шығармашылығы қазақ халқының ұлы мұрасы. Ақынның өшпес сөздері қаншама жылдар өтсе де ұрпақтың жадынан кетпейді», – деді Ә.Шыңғысбаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button