Түркістан облысы

Түркістан: жолдың сапасы қатаң бақылауда

0
(0)

Түркістан облысында өңірлерді, аудан, қала мен ауылдарды өзара байланыстыратын инфрақұрылымды жақсартуға басымдық берілген. Атап айтқанда, Шардара қаласы бойынша биылға жоспарланған жол жөндеу жұмыстары басталды. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен, жалпы ұзындығы 16 шақырымды құрайтын 31 көше жол орта жөндеуден өтеді. Тағы бес көшені жөндеуге жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылуда.

Жолдың сапасы қатаң бақылауда. Атқарылып жатқан жұмыстардың нормативтерін қатаң сақтап, сапасыз жұмыстардың (асфальтобетон жабыны қалыңдығының жетіспеуі, а/б ұшуы, шашылуы және тағы басқа) алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, жол жабынына сараптамалар тұрақты жүргізіліп, бақылауға алынған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button