Түркістан облысы

Түркістан облысының азық-түлік өнімдері блок бекеттерден кедергісіз өтеді

0
(0)

Түркістан облысында егістікті әртараптандыру жұмыстарына сәйкес өткен жылмен салыстырғанда картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемі 3,2 мың гектарға артып 122 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 11,6 мың гектарға артып 213 мың гектарға жеткен. Ал, керісінше масақты дақылдар 4,8 мың гектарға қысқартылып 226,9 мың гектарға, мақта дақылы 12,7 мың гектарға қысқартылып 118 мың гектарға егілген. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазіргі таңда көктемгі дала жұмыстары жоспар бойынша атқарылып келеді.

«Жалпы биыл облыста егіс көлемі 825,4 мың гектарға жеткізу межеленіп отыр. Бүгінде жер айдау жұмыстары 424 мың гектарға межеленіп, толығымен орындалды. Сор шаю жұмыстары 105 мың гектарға немесе 93,0%-ға атқарылды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 37 мың тонна жанармай бөлінді. Әр литрі 160 теңгеден. Бұл нарықтық бағадан 25 теңгеге арзан. Көктемгі дала жұмыстарына арналған техникалардың дайындығы 97%-ды құрап отыр», – деді басқарма басшысы.

Жалпы облыс бойынша тауар өндірушілер дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан 5,3 млрд. теңге несие қаржы қаралған. Бүгінде 2,6 млрд. теңгеге 654 жоба мақұлданып, 1 млрд. теңгемен 112 тауарөндіруші қаржыландырылған.

Былтыр өңірде еңбек өнімділігін арттыру мақсатында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы қолға алынып, 3 млрд. теңгеге 107 жоба іске асқан. Нәтижесінде 9 млрд. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілген.

Түркістан облысы әкімдігі тарапынан өнім өткізу нарықтарын айқындау мақсатында барлық облыс әкімдіктерімен Меморандумға қол қойылып, еліміздің өзге өңірлеріне 50 мың тонна және Ресей Федерациясына 250,0 мың тонна өнім сату жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде бірқатар облыстарға 67 тонна қырыққабат, 444 тонна қызанақ, 453 тонна қияр жөнелтілді.

Сонымен қатар, қабылданған карантиндік шараларға байланысты тез бұзылатын өнімді пост бекеттерден кедергісіз тасымалдау мақсатында «#BizBirgemiz Түркістан облысы азық-түлік өнімдері» атты логотип ұйымдастырылып, әрбір жүк көліктеріне фитосанитарлық және карантиндік сертификаттармен бірге қамтамасыз етілмек. Өз кезегінде бұл, арнайы логотипі бар көліктердің пост бекеттерде кедергісіз өтуіне мүмкіндік туады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close