Түркістан облысы

«AMANAT»: «TALQYLAU» диалогн алаңында маңызды мәселелер қозғалды

Түркістанда өткен «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңында ішкі нарықты реттеу, жергілікті жолдардың сапасын арттыру, жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, білім саласындағы түйткілдерді шешу және маманданған кәсіп иелерінің санын көбейту мәселелері қозғалып, тартысты пікірталас өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Ел арасында талқылауға түскен тақырыптарды зерделеу, аймақтың белсенді тұлғаларының басын біріктіріп, әрбір мәселені сүзгіден өткізу мақсатындағы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы бұл ашық алаң кезекті рет ұйымдастырылып отыр.

Бұл жолғы жиында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын насихаттау, ондағы 5 бағдардың ел үшін маңыздылығы, халық арасында ақпараттандыру және облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы пікіралмасулар болды.

Мәжілісті «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев модераторлық етіп жүргізді. Спикерлер әр бағытқа кеңірек тоқталып, сұрақ-жауап барысында бірқатар мәселенің түбірі анықталды.

ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Айнұр Идирисованың пікірінше, жол сапасын арттыру үшін алдымен орын алған заңсыздықтарды анықтап, тиісті шаралар қабылдануы керек. Талдаулар жүргізілсе, заң жүйесінің қай тұсын өзгерту керектігі айқындалады. Сондай-ақ білікті сала мамандарын тарта отырып, жергілікті жолдардың құрылысына баса мән берілсе жұмыс жүйеленеді. Осы тақырыпты өрбіткен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов халықтың оң көзқарасына ие болған реформаларды көп сөзбай қабылдап, нақты істермен айналысу қажет.

– Жол саласында 1500 нормативтік-техникалық құқықтық құжат бар. Сол үшін арнайы комитет жан-жақты саралап, санын 70-ге қысқарту бойынша қарқынды жұмыс жасап жатыр. Жолдар салынған соң материалдың орнығатын өзінің уақыты болады. Бірақ кейбір азаматтар оны күтпей кемшілік іздеуге тырысады. Біраз өңірде орын алып, жолдар сапасыз салынуда деген сыни пікірлер туындады. Мұндай жағдайлар жұмысты жүргізу барысында өз кедергісін тигізбей қоймайды. Президентіміз өз Жолдауында саланың осындай кемшін тұстарын назарға ала отырып, дұрыс шешімдер қабылдауда. Жалпы, Жолдаудағы бағдарлар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізеді деген сенімдемін , – деді Ролан Бекмағамбетұлы.

Ал, облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов кәсіпкерлікке балаларды жастайынан шыңдау керектігін алға тартты. Рухани әрі өркениетті ел болу үшін алдымен әділеттілік болу керек деген пікірімен де бөлісті. Профессор, журналист Бегжігіт Сердәлі білім саласының мамандарын шетелде тәжірибе алмасуға қолдау білдірілсе деңгейді жоғарылата аламыз деген ұсынысын жеткізді.

Ашық диалог алаңында талқыға түскен тақырыптар мен ұсыныс-пікірлер «AMANAT» партиясының Орталық аппаратына, әрі қарай ҚР Парламентіне жолданады. Жиынды осылай қорытындылаған Бейсен Дәулетұлының айтуынша, жергілікті жерлердегі халық пен қоғам белсенділерінің үнін жеткізу ең басты мақсаттардың бірі.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.