Түркістан облысы

Түркістан: Келес ауданындағы 7 мектептің жылыту қазандықтары газ жүйесіне ауысады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Келес ауданындағы 7 мектептің жылыту қазандықтары газ жүйесіне ауысады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Олар: Ш.Уәлиханов, №32 жалпы орта мектебі, Жуантөбе, А.Байтұрсынұлы, Болашақ, Сырдария және Д.Қонаев мектептері. Бүгінге дейін 39 мектеп қатты отынмен, 23 мектеп газбен және 1 мектеп сұйық отынмен жылытылып келген болатын.

Бұл туралы аппараттық мәжілісте Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев мәлімдеді. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен өткен жиында білім саласындағы түйткілдер тарқатылды. Аудан әкімі білім ошақтарының қысқы жылу маусымына дайындығын ширатуды назарда ұстайтынын жеткізді. Құрылысы жүріп жатқан мектептердің сапасы бақыланып, жергілікті тұрғындарды құрылыс жұмыстарына тартуға басымдық беріледі.

Айта кетейік, Келес ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, 2018 жылдың 8 маусымы күні төртінші рет қайта құрылған әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы – Абай ауылы. Келес ауданы алғаш рет 1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-ның Сырдария губерниясына қарасты Боғар және Ақжар болыстары жерінде құрылған. 1932 жылы 10 наурызда жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына кіреді. 1963 жылы 2 қаңтарда аудан таратылып, аумақ Сарыағаш ауданына беріледі. 1969 жылы 13 қаңтарда Келес ауданы екінші рет құрылып, 1988 жылы Сарыағаш ауданы құрамына қайтадан өтеді. 1989 жылы 13 қазанда орталығы Абай ауылы болып Келес ауданы үшінші рет құрылады, 1997 жылы сәуір айының 24-де таратылып, Сарыағаш ауданы құрамына өтеді. 2018 жылы маусым айының 8-де аудан төртінші рет қайта құрылды. 2018 жылғы санақ мәліметі бойынша аудан тұрғыны 135819 адамды құрайды. Ауданның әкімшілік құрамына енген 12 ауылдық округте 83 елді мекен бар.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.