Түркістан облысы

Созақтық шаруалар жаңбырлатып суару технологиясын қолданып жатыр

Созақ ауданының шаруалары жаңбырлатып суару технологиясын қолданып жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.

Түркістан облысы Созақ ауданының шаруалары жаңбырлатып суғару әдісінің тиімділігіне көз жеткізді. «Болыс ата» шаруа қожалығының төрағасы Рысметов Шәріпжан 21 гектар жерде қарбыз, жоңышқа, жүгері егіп, өнімін Ресей еліне экспортқа шығарады. Жаңбырлатып суаруға арналған техниканы 9 млн. теңгеге салып алған.

Құрылғы құнының тең жартысын мемлекет субсидиялайды. «Құрылғыны шілде айында алдым. Қазіргі таңда жоңышқаны осы әдіс арқылы суғарып отырмын. Суды тиімді пайдаланып, мол өнім алуға болады», – дейді шаруа.

Ауданда мал азығы, азық-түлік белдеуін қалыптастырып, жаңбырлатып суғару әдісін ендіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. «Инновациялық технологиялар ғылыми-өндірістік орталығы» өткізген семинарда жаңбырталып суару әдісінің тиімділігі түсіндірілген. Соның нәтижесінде, бүгінде аудан шаруалары қызығушылық танытып, жаңа технологияны меңгеруде.

Аудан әкімі Салыхан Полатов, Созақ ауыл округінде болып, жаңбырлатып суару әдісін енгізген шаруа қожалықтарының иелерімен кездесті. Қазіргі таңда Шолаққорған, Құмкент елді мекендерінің бірнеше шаруа қожалықтары осы технологияны енгізбек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.