Түркістан облысы

Мамандық тандау – өте маңызды іс

0
(0)

Күнделікті өмірде табиғи және техногенді апаттар орын алып, алапат өрт оқиғалары жиі тіркеліп жатады. Сондықтан, Біздің қызметтің күндіз түні жұмысы қызу жүріп, тыным таппайды. Соның ішінде, шомылу маусымында оқыс оқиғалардың алдын алу, сүнгуірлік су асты іздестіру жұмыстары, тауда адасу мәселері және өрт қауіпсіздігі сиякты бірнеше бағыттары бар.
Бала кезімдегі арманым өрт сөндіруші болу еді, өйткені адамдарды қауіп-қатерден
арашалау, адамдардың өмірін құтқару, қол ұшын созусиякты көмек беру қатты ұнайды.Сондықтан осы жолды таңдап 2016 жылы Көкшетау техникалық институтына оқуға түсіп 2020 жылы тәмәмдадым. Ойлаймын, құтқарушы мамандығында қызмет атқаратын қызметкер міндетті түрде ер жүректі, төзімді, физикалық тұрғыдан дайын болуы керек деп.Осы жерде атап кеткім келіп тұр, институт қабырғасында оқып жүргенімде «Қол күрестен»бірнеше рет дүркін чемпионы болған едім, атап айтсам «Көкшетау қаласының екі дүркін чемпионы», «Ақмола облысының чемпионы», «Қол күрестен спорт шебері»сияқты жетістіктерге жеттім.
Құтқарушылыққа құр Қазақстан көлемінде ғана машықтануға болады деген – теріс түсінік. Маңызды мамандықты меңгеруге мол мүмкіндік берілген. Оны Отан көлемінде оқып болған соң, шеберлік шыңдау үшін шекара асып шетелдерде де біліктілікті арттыруға әбден болады.
Мен әріптестерімді үздік, бейбіт заманың тыныштығын қорғаған тыныштық уақытында тыным таппаған төтенше жағдайларды өзіне жау еткен «Ұлан байтақ кең Қазақ даламыздың хас жүрек батырлары»,- деп айтсам артық емес.
Төтенше жағдай кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де көмек көрсету, біздің міндетіміз, бізге жүктелген қызметті абыроймен атқаруға міндеттіміз. Кез-келген түрлі апаттарда, төтенше жағдайда атсалысып жүрген әріптестерім шын мәнінде біздің еліміздің патриоты!

Түркістан облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ
Келес ауданындағы №19 ӨСБ
бастығының орынбасары
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Бекзат Асқарұлы Алпысбаев

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button