Түркістан облысы

Түркістан облысында 5 жылда 134 мектеп салу жоспарланған

Өмірзақ Шөкеев Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша облыс автивімен кездесті, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.

Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша облыс автивімен кездесті. Жиында Түркістан облысында мал азықтық қорын қамтамасыз ету тұрақты бақылауда екені мәлімделді. Облыста қажетті 3,9 млн.тонна мал азығын дайындауға толық мүмкіндік бар. Егістікті әртараптандыру бойынша мал азығы дақылдарының көлемі 2,6 мың га ұлғайып, 215,4 мың гектарға орналастырылған.

Сондай-ақ, облыс басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру бойынша жұмыстарға тоқталды. Үш аусымды мектеп санын жою және балаларға сапалы білім беруді ұйымдастыру мақсатында облыста 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 44 мектептің құрылысы аяқталады. 5 жылда 134 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы төрт ауданда заман талабына сай тереңдетілген білім беретін 4 мектеп салынады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.