Түркістан облысы

Әкімшілік-іскерлік орталығында инвестициялық жобалар салынып жатыр

Ө.Шөкеев Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталығындағы инвестициялық жобалардың барысын бақылады, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Түркістан қаласының шығыс бағытында орналасқан жаңа Әкімшілік-іскерлік орталығында жеке кәсіпкерлер есебінен бірнеше тұрғын үй кешендері мен коттеджді қалашықтар, заманауи қонақ үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ жаңа ғимараттар мен кеңселер бой көтеріп, сауда, ойын-сауық орталығы салынады. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан жаңа нысандарды аралағанТүркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мердігерлермен жүздесті.

Атап өтсек, 12 гектар жерде бой көтерген 12 қабатты «Нұр-Сұлтан сити» тұрғын үй кешенінде болды. Түрік компаниясы салған зәулім үйлердегі пәтерлердің жалпы аумағы 160 мың м2 асады. Мұнда екі мыңнан аса отбасы қоныс тойын тойлайды. Жаңа үйлердің алдын абаттандыру жұмыстары қатар жүруде. Қазірдің өзінде құрылысы аяқталған бес үйдегі баспаналардың 90 пайызы сатылған.

Түркістандағы Әкімшілік-іскерлік орталық 1500 гектарға жуық аумақты қамтиды. Бой көтерген жаңа ғимараттардың барлығы дерлігі заманауи үлгіде. Онда Түркістан облыстық адвокаттар коллегиясы мен облыстық нотариалды палата ғимараттары орналасады. Сонымен қатар инвестициялық жобалар арасында бірнеше бизнес орталықтар, «Шахмат орталығы», мейрамханалар желісі, медициналық орталық, стоматология орталығы, коммерциялық ғимараттар мен ағаш көшеттерін өсіретін кешеннің құрылысы жоспарлаған.

Шаһардың климатын ескере отырып, қала сыртында көгалдандырудың үздіксіз жүйесін және Сырдария өзенінің табиғи өсімдіктер дүниесімен қосылуды қамтамасыз ететін жасыл белдеуді қалыптастырылған. Көгалдандырудың жалпы ауданы 2035 жылға қарай 13 мың гектарды құрайды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.