Түркістан облысы

Түркістан: Шаруалардың жай-күйі тыңдалды

Аудан әкімінің орынбасары Ағатай Таженов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұл және «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы Шардара өндірістік бөлімше басшысы Ермек Иса Достық, Ақшеңгелді, Сүткент, Қызылқұм, Алатау батыр, Ұзын ата, Көксу, Қоссейіт және Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінде болды, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Ауылдарды аралау барысында әр ауылдың шаруашылықпен айналысатын жергілікті тұрғындарымен кездесіп, күзгі жиын-терімге қажетті жанармай, мал шаруашылығына берілетін субсидия, мал сырғасының мәселесін шешу, ағын су және оның төлемақысын уақытылы төлеу және тағы да басқа ауыл шаруашылығына байланысты бірқатар мәселелер талқыланып, жаңарған заңдық нормалар түсіндірілді.

Көшпелі жиында Т.Әлімқұл шаруаларға мал басына субсидия беру ережесіне енгізілген өзгертулерге жеке-жеке тоқталып, сауалдарға жауап берді.Сондай-ақ, ауданда жанармай қоры жеткілікті екенін айтып, тездетіп жанармай алуға асығу керектігін жеткізді. Сонымен қатар, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы Шардара өндірістік бөлімше басшысы Е.Иса ағын су төлемақысының уақытылы өтеу керектігін айтты. Ол өз сөзінде егін су төлемақысын уақытылы төлемеген жағдайда суару науқанында мәселе туындайтындығын атап өтті. Оған қоса босатылған ағын судың тиісті салық түрлерін өтеу, сонымен қатар өндірістік шаруашылық жұмыстарын уақытылы жүргізу қажеттілігіне байланысты ағын судың төлемін ағымдағы жылдың 25-ші қыркүйегіне дейін төлеу керектігін кеңінен түсіндірді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары А.Таженов әрбір тұрғынның өтініштерін тыңдап, мәселелерді кездесу барысында жауапты тараптармен бірге талқылады. Қорытынды жиын соңында әр ауылдық округ әкіміне және өзге де жауапты бөлімдер мен мемлекеттік мекеме басшыларына тапсырмалар беріп, әрбір мәселені заңды түрде шешу керектігін айтты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.