Түркістан облысы

Мақтааралда мақта талшығын өндіретін зауыт ашылады

0
(0)

Облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Мақтаарал ауданындағы кәсіпорындармен танысты, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.

Облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен «Түркістан» индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясының бас директоры Серік Медетбековтер жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барып, аудандағы бірнеше кәсіпорынды аралады.

Атап өтсек, басшылар Атакент кентінде жұмысы тоқтап тұрған «Еспол» ЖШС-нің ұн өнімдерінің өндірісімен танысты. Кәсіпорынның қайта жұмыс жасауы үшін қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға 200 миллион теңге көлемінде қаржы қажет. Нысан иесі осы мәселе бойынша көмек сұрады. Зауыт іске қосылса тәулігіне 40 тонна бидай өңдеп, 28 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, олар Атакентте жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланып отырған «АААР» ЖШС-нің мақта өңдеу зауытының құрылысына да куә болды. Жылына 30 мың тонна мақта талшығын өндіретін зауыттың жалпы құны 1,2 миллион долларға жетіп отыр. Нысанның жер көлемі 9,27 гектарды құрайды. Қазіргі таңда зауыттың құрал-жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын іске қосылғаннан соң 100 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

Айта кетейік, жұмыс сапарының соңында Қ.Әзімов пен С.Медетбеков Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлермен арнайы жиын өткізіп, аудандағы кәсіпкерлік бойынша мәселелерді өзара талқылады. Жиын барысында пысықталған потенциялды жобаларды қарау, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуы, индустриалды аймақтағы мәселелер және кәсіпкерлік бойынша жобаларды қаржыландыру мәселелері сөз болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button