Түркістан облысы

Жыл соңына дейін 2 ірі кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр

0
(0)

Мақтааралда 2021 жылдың соңына дейін 2 ірі кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.

Облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен «Түркістан» индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясының бас директоры Серік Медетбековтер жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барып, аудандағы бірнеше кәсіпорынды аралады.

Ең алдымен басшылар Мақтаарал ауданының индустриалды аймағында болып, «Береке ММА» ЖШС-нің мақта зауытының және «Soldatos» ЖШС-не тиесілі асфальт-бетон өндірісінің жұмыс барысымен танысты. Аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов кәсіпорындардың бүгінгі ахуалы туралы кеңінен ақпарат беріп, жаңа инвестициялық жобалар туралы да пікір бөлісті.

Атап өтсек, «Береке ММА» ЖШС-нің мақта зауыты жылына 20 мың тоннаға дейін мақта талшықтарын өндіре алады. 80 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорынның жалпы құны 450 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, «Soldatos» ЖШС-нің асфальт-бетон өндірісі тәулігіне мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. 30 адамды жұмыспен қамтыған өндіріс ошағының жалпы құны 300 миллион теңге.

Индустриалды аймақта жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланып отырған тағы бір кәсіпорын – «El-KZ» ЖШС-нің темір-бетон өндірісі. Жылына 11-12 мың метр куб өнім шығаратын кәсіпорынның жалпы құны 209 миллион теңгені құрап отыр. 17 адам жұмыспен қамтылмақшы. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша құрылып отырған нысан үшін индустриалды аймақтан 1 гектар жер бөлінген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button