Түркістан облысы

Түркістан: Екі аудан мен екі қала «қызыл» аймақта

0
(0)

Түркістан облысы көлеміндегі бағалау бағалау бойынша бірнеше аумақ «қызыл» аймақта, деп хабарлайды NewsRoom.kz. тілшісі.

Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Искаков Асқар өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың аса жақсы емес екенін баяндады. Түркістан облысы 9-тамыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша сары аймаққа енді. Дегенмен, облыс көлеміндегі бағалау бағалау бойынша Жетісай, Мақатаарал аудандары мен Түркістан, Кентау қалалары қызыл аймақта.

Айта кетейік, облыста пандемия басталғалы бері «COVID-19» індетімен тіркелген жағдайлар саны 10 880 жеткен. Жазылып шыққандар саны – 8 891, қайтыс болғандар– 60. Соңғы 10 күн ішінде коронавирустық инфекциясымен 1403 жағдай тіркелді. Оның ішінде 775 симптомды, 625 симптомсыз. Бүгінде 2035 адам коронавирустық инфекциясымен емделуде, оның ішінде 2005 науқас инфекциялық стационарда, 30 науқас карантиндік стационарда және 289 адам үй карантиінде бақылауда.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button