Түркістан облысы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан кезекті рет гуманитарлық көмек келді

0
(0)

Бүгін Түркістан облысының дәрілік қоймасы  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан келген гуманитарлық көмекпен толықты.  

Киелі өңірге келген гуманитарлық көмек негізінен  медициналық қорғаныс құралдарына арналған.   Атап айтсақ, аталмыш ұйымнан  26 000 дана әртүрлі өлшемдегі нитрилді емес қолғаптар жеткізіліп отыр.

Айта кетсек, шет мемлекеттерден Түркістан облысына жөнелтілген әрбір гуманитарлық көмектің тасымалдану барысына тұрақты негізде бақылау жұмыстарын жүргізетін Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті бұл жолы да зерделей келе, «Тегін» деп көрсетілген арнайы мөртаңбаны қорғаныс құралдарына орналастырды.

Алдағы уақытта  медициналық қорғаныс құралдарының мемлекеттік емдеу мекемелеріне толыққанды жеткізілу жұмыстары жергілікті «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлерімен жіті қадағаланатын болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close