Түркістан облысы

Ұрылар мешіттегі садақа салатын жәшікті ұрлап кетті

0
(0)

Түркістан облысында ұрылар мешітте тұрған садақа салатын жәшікті ұрлап кеткен, –  деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– «Түркістан қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданып, таңғы уақытта белгісіз біреу ауылдық мешіттің садақа жәшігіне ұрлыққа түскенін жеткізді. Оқиға орнына шұғыл жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, ұрылар ашық тұрған есікті пайдаланып, мешітке кіріп, садақаға арналған металл жәшігін ашып, ішінен ақша ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – делінген ресми хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шардара ауданының тұрғыны ұсталған.  Осыған ұқсас жағдай Кентау қаласына жақын ауылда орын алыпты. Қалаға іргелес жатқан жергілікті зираттан бейтаныс адам садақа жәшігінен ақша ұрлап кеткендігін жеткізген.

– «Оқиға орнына жеткен Кентау қалалық ПБ-нің жедел-тергеу тобы шұғыл әрекет етті. Ұрылар барлығы 12 мың теңге көлемінде ақшаны алып кеткенін анықталды. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, полицейлер күдіктіні іздестіруге кірісті», – деді ПД өкілдері. Күдікті сол ауылдың тұрғыны болып шыққан. Полиция қызметкерлері ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close