Түркістан облысы

Жеті жыл – жеткілікті уақыт

20 қараша – ел болашағы үшін өте маңызды күн болмақ. Сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Осынау саяси жаңғырудың мән-мақсатын, идеялық ұстанымын, жалпыұлттық тұжырымын кең көлемде қолдай отырып, ел дамуының елеулі кезеңі, тағдыршешті жолы ақыл мен пайымға, саяси сауаттылық пен азаматтық көзқарасқа жүгінетініне сенемін.

Өйткені Президент сайлауы – демократияны дамытуға жасалған маңызды науқан. Сондықтан бұл сайлауда баршамыз бір кісідей атсалысуымыз керек. Сайлау – көпшілік дауысымен шешілетін мәселе. Бұның халық үшін маңызы зор. Бұл сайлаудың басқа сайлаудан бір өзгешелігі – мұнда Президент бір рет қана, жеті жылға сайланады. Яғни, екінші қайтара сайлауға түсу мүмкіндігі жоқ. Бұл ретте, жеті жыл – реформаларды іске асыруға жеткілікті уақыт.

Әділ сайлау – әділетті қоғам үшін ауадай қажет. Сайлаудың әділ әрі шыншыл өтуіне халық мүдделі болуы тиіс деп есептеймін. Бұл ретте, Мемлекет басшысы сайлау науқаны заңға сәйкес өтетініне кепілдік беретінін айтты. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетінін жеткізді.

Қазір қоғам өзгеріп жатыр, халықтың ой-санасы өзгеріп жатыр. Президент сайлауынан күтеріміз көп. Биылғы жылы оң өзгерістер мен жаңашылдық жылы болды. Лайым сол бастамалар өміршең болып, еліміздің іші даудан, сырты жаудан аман болсын.  Жаңа әрі әділетті Қазақстанды дамыту үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар оң нәтиже береді деген сенімдеміз!

Ержан АСҚАРОВ,

Сайрам ауданы филиалы «ҚАРАСУ» бастауыш партия ұйымы төрағасы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.