Түркістан облысы

Түркістан: Жетісайлық кәсіпкер қос отбасыға баспана сыйлады

Түркістан облысы, Жетісай Ауданы, Ынтымақ ауылдық округінде қайырымдылық шарасы болып өтті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, «Еуразия» ЖШС басшысы, меценат кәсіпкер Мадәлі Тәжібаев қос бірдей отбасыға баспана сыйлап, елдің алғысына бөленді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Салтанатты шараға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары А.Тасов, Ынтымақ және Ш.Ділдабеков ауылдық округтерінің әкімдері мен ауыл ақсақалдары, тұрғындары қатысты.

Баспаналы болып, қуанышқа кенеліп отырғандардың бірі – Ынтымақ ауылдық округінің тұрғыны Нұржан Сопбеков. Өзі үшінші топ мүгедегі, жары Мадинаның да денсаулығы жиі сыр береді. Бұған дейін мүгедектікке берілетін зейнетақы мен түрлі жұмыстармен күнелтіп келген отбасы 10 жылға жуық пәтер жалдап тұрып келген.

– Біздің жағдайымызды ескеріп, кеудемізден итермей осылай көмек беріп жатқан азаматтарға, аудан басшысы мен баспана сыйлап отырған кәсіпкер ағамызға айтар алғысымыз шексіз. Енді біздің де өз үйіміз, перзенттеріміздің өз бөлмелері болады, – дейді қуанышымен бөліскен Мадина Жаныбаева.

Баспаналы болу бақытына ие болған екінші жан, жалғызбасты ана Ұлбосын Құсанованың 4 перзенті бар. Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде күндік жұмыстарға жалданып, нәпақа табады. Табысының біраз бөлігі пәтерақысына кетсе, біразы азық-түліктен артылмай келген.

Аталмыш сауабы мол игі шараның басы-қасында жүрген азаматтардың айтуынша, баспанаға шын мұқтаж отбасыларды анықтауда аудан әкімінің орынбасарлары төрағалық жасайтын комиссия мүшелері жан-жақты талдау жасаған. Ортақ шешіммен осы екі отбасыны лайық деп тапқан.

Меценат кәсіпкер мұндай қайырымдылық шарасының алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін айтады.

– 2010 жылы ауданға келіп, аудан басшыларының қолдауымен осында мақта зауытын салып, кәсібімізді аштық. Содан бері жыл сайын қайырымдылық шараларынан қалыс қалмауға әрекет жасаймыз. Мұқтаж жандарға баспана салып беруді ұйғардық. Баспаналы болған бүлдіршіндердің жүздеріндегі қуаныш біздің ісіміздің дұрыс және ары қарай да тоқтаусыз жалғастыру керек екенін ұғындырды, – дейді «Еуразия» ЖШС басшысы Мадәлі Тәжібаев.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.