Түркістан облысы

Келесте құны 574,0 млн. теңгені құрайтын 72 жоба қаржыландырылды

0
(0)

Келес ауданында биыл құны 574,0 млн.теңгені құрайтын 72 жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Тиісті мекеме басшылары бас қосқан жиналыста бүгінгінің өзекті мәселелері ортаға салынды. Күн тәртібіндегі аудандағы ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы тиісті мекеме басшылары тарапынан баяндалды.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына ағымдағы жылдың 8 айында тартылған инвестиция көлемі 1165,0 млн.теңгені құраған. Алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып жылына 2-3 өнім алу бойынша 8 ауылдық округтен 1 400 гектар жерге егіс егіліп, жалпы 316 бірлік шаруа қожалық аталған жобаны іске асыруда. Жобаға қатысқан шаруалар бірінші айналымнан 41 959,7 тоннаның өнімі өндірілген болса, екінші айналымнан 27 325 тонна өнімі өндіріліп, қазір де жинау науқаны жалғасып жатыр екен.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік саласында 2021 жылдың 8 айында 96 кәсіпкерге қызмет көрсетіліп, жалпы құны 574,0 млн.теңгені құрайтын 72 жоба қаржыландырылды. «Атамекен» ҰКП ішінен шағын несие ұйымы ашылып, «Бастау бизнес» жобасы аясында оқып бітірген түлектерге 6 пайызбен, 7 жыл мерзімге 7 млн. теңгеге дейін несие берілу жоспарлануда. 2021 жылдың 8 айында 470 азамат «Еңбек» бағдарламасы аясында 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз қаражат (грант) алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Баяндамашылардан соң жиынды қорытындылаған аудан әкімі салаларда орындалуы тиіс көрсеткіштерді реттеу жұмыстарын және жоспарланған жобаларды жандандыруды тапсырды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button