Түркістан облысы

Жетісайда 16 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар

5
(1)

Жетісай ауданында енесі де, келіні де, қыздары да көп балалы отбасы бар, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.

Жетісай ауданына қарасты Жылы Су ауылдық округіндегі Сүттібаевтар көпке үлгі болып отыр. Бұл отбасының ерекшелігі түгелдей дерлік көп балалы. Шаңырақтың ұйытқысы болып отырған Зәуре апамыз 13 құрсақ көтерсе, келіндері мен қыздары да ана жолын жалғастырып 7-8 перзентті болып отырған жайы бар. Бала туу көрсеткіші мен адам саны бойынша өзге аудандардан оқ бойы озық Жетісайда көп балалы аналар көп. Бүгін біз тілге тиек етіп отырған Зәуре апамыз 14 жасында осы шаңыраққа келін болып түсіп, сол кезден бастап отбасының берекелі тірлігіне ұйытқы болып отыр.

«Біздің кезде заман аздап қиындау болды. Ол кездің аналарына қазіргідей жағдай жасалған жоқ. Перзенттерімнің жартысын өзім жаяу барып босансам, бір-екеуін үйде босандым. Жұбайым бір үйдің жалғыз баласы болды. Бар ойым күйеуімнің ұрпағын көбейту болды. Ешқандай баламды алдын-ала жоспарламадым. Құдайдың берген перзентін өмірге әкелдім. Осы күніме шүкір тәуба деймін. Адам ұрпағымен мың жасайды. Алла осы ұрпақтарымды аман етсін», – дейді Зәуре Сейдімбекқызы.

Қазіргі таңда Зәуре апамыз ұл қыздарынан 75 немере 26 шөбере 6 шөпшек сүйіп отыр екен.

«Ата-ана алдымен ата-аналық парызды, міндетті түсінгені абзал. Әр баланы дүниеге әкелген соң ең бірінші денсаулығына, білім алуына назар аударып, иманды, ізетті, адал, еңбекқор етіп тәрбиелеуге тиіспіз. Егер ата-ана өз парызын дұрыс орындаса, бала да перзенттік парызын мінсіз орындайды. Балаң сені ұятқа қалдырмасын десең, дұрыс ата-ана бол. Отағасы екеуміздің ұстанымымыз осындай болған», – деп ақыл кеңесін айтты батыр ана.

Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша 15957 көп балалы аналар бар. Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналар 7869 болса. Батыр аналардың саны – 369, «Алтын алқа» иегерлері 1682 болса, 5 ана «Күміс алқа» иегері.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button