Түркістан облысы

Бәйдібек ауданындағы тозығы жеткен электр бағаналары жаңартылады

0
(0)

Бәйдібек ауданында инвестициялық бағдарламаға сәйкес, тозығы жеткен электр бағаналары кезең-кезеңімен ауыстырылады, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің 2010-2023 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес, Бәйдібек аудандық электр жүйесі теңгеріміндегі тозығы жете бастаған электр желілері мен қосалқы трансформатор подстанцияларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бекітілген инвестициалық бағдарламаға сәйкес, аудандағы Алғабас ауылдық округіне қарасты Танатар, Қазата елді мекендеріне 35/10кВ «Шаян» подстанциясынан тартылған 10кВ «Қапшағай» фидерінде ұзындығы 13,206 шақырым 10кВ әуе желілері жүргізіліп, 318 дана темірбетон бағаналары ауыстырылған. Қазата елді мекеніндегі ұзындығы 3,480 шақырым 0,4кВ әуе желілері мен ағаш бағаналары толығымен темірбетон бағаналарға ауыстырылып, қосымша 1 дана қуаты 100кВа КТП-10/0,4кВ қосалқы трансформатор подстанциясы орнатылды.

2021 жылдың соңына дейін аталған инвестициялық бағдарламаға сәйкес Бәйдібек аудандық электр жүйесінде жоспарланып, атқарылатын бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Олар Борлысай ауылдық округіне қарасты Қошқарата, Кенсай елді мекендеріне 35/6кВ «Актас» подстанциясынан тартылған 6 кВ «Михайловка» фидерінде ұзындығы 9,72 шақырым 6кВ әуе желілері жүргізіліп, 187 дана темірбетон бағаналары орнатылады. Аталған ауылдық округке қарасты Шұқыршақ елді мекеніне 35/6кВ «Актас» подстанциясынан тартылған 6 кВ «Шұқыршақ» фидерінде ұзындығы 6,56 шақырым 6кВ әуе желілері жүргізіліп, 130 дана темірбетон бағаналары қойылады.

Сонымен қатар, Алғабас ауылдық округіне қарасты Қазата елді мекенінде ұзындығы 2,5 шақырым 0,4кВ әуе желілері мен 83 дана ағаш бағаналары толығымен темірбетон бағаналарға жаңартылады. Ал, Боралдай ауылдық округіне қарасты Түйетас елді мекенінде ұзындығы 2,530 шақырым 0,4кВ әуе желілері мен 73 дана ағаш бағаналары толығымен темірбетон бағаналарға ауыстырылады.

Аудан бойынша жалпы қуаты 360кВа 3 дана КТП-10-6/0,4кВ қосалқы трансформатор подстанциялары ауыстырылып, трансформаторлардың жалпы қуаты 750кВа артады. Қазіргі таңда аталған жұмыстарды атқару үшін Бәйдібек аудандық электр жүйесі мекемесінің қоймасына қажетті материалдар келіп түсті. Осы жылдың қыркүйек-қазан айларында ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Жалпы алдағы, уақытта «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің 2010-2023 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасына сәйкес Бәйдібек ауданындағы барлық елді мекендегі тозығы жеткен электр желілері мен бағаналары кезең-кезеңмен ауыстырылатын болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button