Түркістан облысы

Волейбол федерациясы президенті болып Тұрысбек Мыятбеков сайланды

Өңірде волейбол спортын дамытуда федерация жаңашылдықтарды енгізуді басты мақсат санап отыр. Волейболдан Қазақстан чемпионатының жоғары лигасында өнер көрсететін Түркістан облысының «Тұран-Динамо» командасында бүгінде бірқатар талантты ойыншылар сынға түседі.

Өткен жылы түркістандық волейболшылар жоғары лигада үздік бестікке енді. «Тұран-Динамо» ерлер командасының бас бапкері Владимир Деревянконың айтуынша, команданың басты мақсаты – жоғарғы лигада жеңімпаз атанып, келер жылы волейболдан Ұлттық лига командаларына өтуді жоспарлап отыр.

Түркістан облысы əкімінің орынбасары Сəкен Қалқамановтың бастамасымен облысымызда түрлі федерациялар құрылып, спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жиында облыстық волейбол федерациясына сайланған жаңа президент Тұрысбек Мыятбеков алдағы кезде өңірімізде жастар арасында волейбол спортын жаңартуда жаңашылдықтар енгізетінін, «Тұран-Динамо» волейбол командасының жетістіктерге жетуіне бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Облысымызда бұдан бөлек волейболдан «Тұран-Динамо» қыздар командасы да өнер көрсетеді. Басқосуға арнайы қатысқан Түркістан облысының волейбол федерациясының вице-президенті, облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дəлбеков пен осы қауымдастықтың вице-президенті, Түркістан қалалық сотының төрайымы Айгул Жанбырбаева да түркістандық спортшылардың жоғары нəтижеге жетулеріне сенім білдірді.

Сонымен қатар, федерация мəжілісіне облысымызда спортты дамытуда ерен еңбек сіңіріп келе жатқан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор, еліміздің Жауынгерлік өнер қауымдастығының Түркістан облысы бойынша Құрметті президенті Əбілсейіт Дүйсебаев, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор, Түркістан облысының футбол федерациясының президенті Хакім Қошқалиев арнайы қатысып, волейбол федерациясының президентіне сəттілік тіледі.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.