Түркістан облысы

Бәйдібекте «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен көшелер жөнделіп жатыр

Бәйдібек ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Шалдар ауылындағы екі көше жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.

Бәйдібек ауданы,Бөген ауылдық округінің орталығы Шалдар ауылындағы 3,85 шақырымды құрайтын екі көшеге жаңадан асфальт төсеу, аяқ жолдар салу, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұған «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Қазіргі таңда аяқ жол салу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Жарықтандыру үшін бағаналарды орнататын тұғырлардың бетоны құйылуда. Асфальт төсеу үшін екі көшенің жолдары тегістеліп, тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдарды жөндеу, жарықтандыру, аяқ жол салу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға Шалдар ауылының тұрғындары өте риза. Себебі аяқ жолдар мен ішкі көшелердегі асфальт жолдардың тозығы жеткен болатын. Қыс, көктем және күз мезгілдерінде оқушылардың мектепке баруы қиындық туғызатын еді. Енді олар таза жолмен қатынайтын болады.

Айта кетейік, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Шалдар ауылындағы атқарылып жатқан жұмыстарды «ALTAI STROY GROUP» ЖШС-гі жүргізуде. Мердігер мекеменің басшысы бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.