Түркістан облысы

Бәйдібектік шаруалар көпке үлгі

Бәйдібектік шаруалар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан құрғақшылықта қол қусырып отырмай егіндерін егіп, мал азықтарын дайындау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Көктем шыға күн-түн демей техникаларын сақадай сай етіп жасақтап, жер жыртып, дән септі. Енді 10-15 күннің ішінде аудан шаруалары егін алқабын толықтай орып, қамбасын астыққа толтырмақ. Сондай қызу тірлік Сарқырама елді мекенінің алқабында көрініс табуда.

«Атамекен-Сарқырама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылы құрылып, төңірегіндегі ұсақ шаруашылықтардың басын біріктірді. Ірілендіру арқылы жұмыс істеп, бүгінде ауқымды шаруашылыққа айналған. Серіктестікке тиесілі 2400 гектар жерді мақсатты игеру үстінде. Егемендіктен кейін құрылған серіктестік 30 жылда 30 белесті бағындырды десек артық айтқандық емес. Алғашқы жылдары арзымайтын жер телімімен, бір-екі техникамен жұмысын бастаса, бүгінде ірі шаруашылықтардың қатарынан көрінуде. Серіктестік 25-30 отбасыны жұмыспен қамтып отыр.

Дәуір Ахатаев – «Атамекен-Сарқырама» ЖШС-нің директоры

– Үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс екені шаруалар үшін айқын. Көктем шыға тырбаңдап, ала жаздай аяғымыздан тік тұрып еңбек етеміз. Алланың қалауымен бұйырғанын орып, қамбаға құйылған астықтың берекесін берсін деп тілеп отырамыз.

Айта кетейік, «Қазақстан фермерлер қауымдастығының» Түркістан облыстық фермерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары  ретінде Дәуір Борашұлы сайланған еді. Бүгінде шаруалардың жұмысын дөңгелетуді, олардың құқығын қорғауды назардан тыс қалдырған емес. Қауымдастықтың негізгі мақсаты – ол халықтың өмір сапасын көтеру, кәсіпкерлік дамыған мемлекеттің іргетасын қалау, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы фермерлерінің көкейкесті шешілмей жүрген мәселелерін тиісті орындарға жеткізу.

Дәуір Ахатаев – «Атамекен-Сарқырама» ЖШС-нің директоры

Қоныс Рақышев – Сарқырама ауылының биі

Міне, бәйдібектік шаруалардың қазіргі жағдайы осындай. Еліміздің Батыс өңірінде болып жатқан жағдайға қарағанда бәйдібектік шаруалар шүкіршілік танытып отыр. Қолды қусырмай, ысырапшылыққа бой алдырмай еңбек етуде.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.