Түркістан облысы

Аппарат мәжілісінде эпидахуал жағдайы талқыланды

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде аудандағы эпидахуал мен егістік алқаптардағы вегетациялық жұмыстардың дер кезінде жүргізілуі, таза ауыз сумен қамту секілді мәселелер қаралды, деп хабарлайды newsrom.kz. Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  Түркістан облысы бас санитарының N17 қаулысындағы талаптарды сақтау, ауданданы эпидахуалдың сақталуы жайында Жетісай ауданының бас санитары Сәкен Серікбаев баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталды.
   Сәкен Тұрғараұлының мәліметінше бүгінде аудандағы дәріханалар мен кәсіпкерлік нысандарда, базарларда тұрғындар тарапынан карантиндік режимінің сақталуы қатаң бақылауға алынған.
Мұнан да бөлек аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ мүшелері кент пен барлық ауылдық округтерде арнайы рейдтік шаралар ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Кейбір нысандарда анықталған кемшіліктер бойынша ескертулер жасалып, жүгенсіз кеткендеріне заң аясында айыппұл да салынған.
   Жиын барысында аудан басшысы аудандағы карантиндік жағдайдың күрделенуіне байланысты көлденең табыс тапқысы келетін дәріханалардағы дәрілердің сатылу бағасының қымбаттамауын, олардың санитарлық тазалығын, тауарға берілетін фискальді чек, арақашықтықты сақтау, маскалық тәртіп, залалсыздандыруға арналған антисептик құралдарының болуы секілді басты талаптарды назарға алып, тексеру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыруды, той-томалақтар мен отбасылық басқосуларды болдырмауды қадап тапсырды.
    «Біз бірінші кезекте сақтық шараларын өзіміз үшін, отбасымыз үшін қатаң сақтауға тиіспіз. Өйткені, бүгінгі әлемді әуреге салған індет ешкімді аяп жатқан жоқ. Covid19 пандемиясы мен вирусты пневманиядан сақтанудың тиімді тәсілі – гигиеналық-санитарлық тазалықты сақтау, маскалық режимді, карантиндік талаптарды орындау, екпе ектіру. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындардың басым бөлігі бетперде тағып, арақашықтықты сақтау, антисептикті пайдалану секілді ережелерді орындап жүр. Біз осындай тәртіппен ғана бір-бірімізге көмек бере аламыз, көптеген адамдардың өмірін арашалап қала аламыз. Осыны түсінулеріңіз керек» деді аудан басшысы.
   Сонымен қатар, аудан әкімі егістік алқаптардағы вегетация жұмыстарын да назардан тыс қалдыруға болмайтынын айтады. Дер кезінде ағын суды тиімді пайдаланып, мақталықтарды суғаруды әлі де болса жылдамдату керек екендігіне тоқталды. Аудандағы таза ауыз судың проблемаларын да жеделдетіп шешуді тапсырды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.