Түркістан облысы

Түркістан облысында 444 мың тұрғын вакцина салдырды

0
(0)

Түркістан облысында жылжымалы вакциналау пункттері жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды NewsRoom.kz.порталы.

Коронавирусқа қарсы екпе алу үшін емхана мен ауруханаға барудың қажеті жоқ. Арнайы жабдықталған автобустарда мобильді топтар қызмет көрсетеді. Олар қала мен ауылдарды аралап, екпе алушыларға қолайлы жағдай жасады. Түркістан облысында жылжымалы вакциналау пункттері жұмыс істеп тұр. Коронавирусқа қарсы екпе алу үшін емхана мен ауруханаға барудың қажеті жоқ. Арнайы жабдықталған автобустарда мобильді топтар қызмет көрсетеді. Олар қала мен ауылдарды аралап, екпе алушыларға қолайлы жағдай жасады.

Облыста вирусқа қарсы екпе алушылар қатары күн санап көбейіп жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, вакцинаның екі бірдей компонентін алғандар саны 444 мыңға жетті. Бұл Түркістан облысындағы ересек тұрғындардың жартысынан көбін құрайды.

«Вакцина алмаған тұрғындар арасында аурушаңдықтың көбеюі білінуде. Яғни, олардың арасында қаулы бойынша вакцина алуға жатпайтын топтар бар. Жүкті әйелдер, емізулі әйелдер, сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балалар арасында көп тіркелуде»,- дейді дәрігер-инфекционист Гүлмира Қыпшақбаева.

Өңірде 141 вакциналау бекеті бар. Жартысы жылжымалы пункттер. Мысалы, мына Кентаудағы автобус толық жабдықталған. Терапевтің кабинетінен бастап зертханаға дейін бар. Мұнда күніне 100 ден астам адам вакцина салдырады.

Түркістан – коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймақтағы жалғыз өңір. Қазір жергілікті ауруханаларда 1838 адам емделіп жатыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button