Түркістан облысы

Төлебилік шаруалар Түркістан қаласында жәрмеңке өткізді

0
(0)

Түркістандағы «Экобазарда» жәрмеңке өтті, деп хабарлайды NewsRoom.kz. тілшісі.

Түркістан қаласындағы «Экобазар» әмбебап сауда орталығында Төлеби ауданының шаруалары жәрмеңке өткізді.

Санитарлық эпидемиологиялық талаптар толық сақталып өткен жәрмеңкеде өнім базар бағасынан 10-15 пайыз төмен сатылды.

Жәрмеңеге ауданның ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын ірі қожалықтардың тауарлары қойылды. Бұл күні бал және бал өнімдері мен сүт өнімдерінің бағасы қолжетімді болды.

Төлебилік шаруалар жәрмеңкеге барлығы 10 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдерін алып барды. Мұнда жеміс-жидек пен көкөністің де бірнеше түрі сатылды. Табиғи таза және сапалы өнімдерге аса мән берілген. Шаруалар жәрмеңкені халықтың қыс қамын қиналмай жасап алуына септігін тигізу бағытында ұйымдастырған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button