Түркістан облысы

Созақтық ардагерлер үндеу жолдады

0
(0)

Елімізде ковид ауруына қатысты жағдайдың күрделенуіне байланысты Созақ ауданының ардагерлері тұрғындарға, ел ағаларына үндеу жолдады, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.

Сондай-ақ, коронвирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты аудан кәсіпкерлері де халыққа үндеу жолдап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.  Жуырда аудан әкімдігінде өткен жиында осы үндеулер назарға алынды.  Күн тәртібіндегі негізгі мәселе қазіргі таңда еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың белең алып отырғандығы айтылды. Аудан аумағында  «COVID-19» ауруы мен вирусты пневмонияның өсуі байқалуда. Оның негізгі себептерінің бірі тұрғындардың карантин талаптарын сақтамау, көп шоғырлану, той-томалақ, отбасылық жиындарды өткізу болып отыр.

Сондықтан ауылда мобильді топ жұмысын жандандыру, той-жиындарды тоқтату, маскалық режим, санитарлық тазалық пен карантин талаптарын қатаң сақтауымыз керек. Мекеме басшыларынан Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 23 шілдедегі №17 қаулысын басшылыққа алып жұмыс жасау және өз мекемесіне, ағайын-туыстарына, көршілеріне, жалпы ауыл тұрғындарына мүмкіндігінше түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ауылдық мобильді топ жұмысына қолдау көрсету сұралды. Ауыл имамы ауыл көлемінде ас беру, бейсенбілік өткізулерді доғару керек екендігіне тоқталды. Белсенді қариялар мен белсенді жастар жиын барысында айтылған мәселелерді қолдап,  барша тұрғындарды карантин талаптарын сақтауға шақыратынын айтты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button