Түркістан облысы

Күн тәртібінде – карантин талаптарын сақтау

0
(0)

Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында ауылдық округі әкімі, ауылдық мобильді топ басшысы Д.Абраевтің төрағалығымен карантин талаптарын қатаң сақтау, ауылдық округ көлеміндегі жалпы эпидемиологиялық ахуал мен екпе алу барысы және 2021-2022 жылға оқу жылына жалпы дайындық бойынша жиын өтті, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшсі.

Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Жиынға ауылдық округ көлеміндегі мекеме басшылары, актив, ардагерлер кеңесінің төрағасы, белсенді ардагерлер, ауыл имамы, белсенді әрі ерікті жастар шақырылды.  Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша  Д.Абраев жалпы аудан көлеміндегі эпидемиологиялық ахуал барысы, карантин талаптарының сақталуы, санитарлық-карантиндік шаралардың сақталуын қадағалау, ауылдық мобильді топтың жұмысын жандандыру бойынша баяндама жасады. Ауылдық округ көлеміндегі жалпы эпидемиологиялық ахуал мен екпе алу барысы туралы Жуантөбе дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Н.Сейтханов, 2021-2022 жылға оқу жылына жалпы дайындық барысы туралы. С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Б.Сейтқазиева және «Ақбота бөбекжай-балабақшасының» меңгерушісі Қ.Қырқымбаева хабарлама жасап, тиісті сұрақтарға жауап берді.  Жалпы соңғы уақытта елімізде коронавирус індетіне қатысты эпидемиологиялық ахуал күрделенді. Мамандар аурудан сақтанудың бірден-бір жолы екпе алу екендігін айтуда.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button