Түркістан облысы

Өмірзақ Шөкеев: Ленгірдегі сел салдары толық жойылады

0
(0)

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатты жауған нөсерден өзен суы арнасынан асып, бірнеше көшелерді су шайған Төлеби ауданының жайын біліп қайтты. Селден жапа шеккен тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында
олармен кездесіп, су шайған жерлерге бақылау жүргізді.

Табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар мейлінше күшейтілген.
Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен тасқын зардаптарын жою жөніндегі құрылған жедел штаб жұмыс істейді. 300-ден астам азаматтан құрылған жұмысшы топ тынымсыз жұмыс істеуде. Су шайған үйде болған
облыс басшысы нөсерден келген қауіпті, яғни, Ленгір өзенінің арнасынан асуынан орын алған жайттың залалдарын толықтай жоюды тапсырды.

«Нөсер жауыннан Ленгір өзенінде су деңгейінің жоғарлауына байланысты ішінара су басуы орын алғаны белгілі. Сел салдары толық жойылады. Ол үшін барлық қажетті жұмыстар жасалып жатыр. Сел ағынынан адамдар аман. Бұл ең бастысы. Мал шығыны жоқ. Су келген үйлер толық жөнделіп, айналасына қоршаулар қойылады»,-деді Өмірзақ Естайұлы.

Жалпы табиғатты аялап ұстау, өзен бойларының тазалығын сақтау тікелей азаматтық борыш, адамзаттық міндет. Біз көрген қоқыс қалдықтары дәл сол судың арнасынан асып кетуіне бірден бір себеп болған. Әкімдікпен жасалынатын жұмыстар жүйелі жүргізілсе де, тұрғындардың тікелей жауапкершілігіндегі тазалық жасалмаған. Сондықтан, мұндай жағдайлардың алдағы уақытта қайталанбасы үшін игі іске себепкер болайық.

Селден келген қауіпті жою мақсатында аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар қызметі мен елдімекен тұрғындары жұмыла бірлесіп, арналарды тазарту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстарға 126 қызметкер, 31 арнайы техника, 14 мотопомпа жұмылдырылған. Көршілес Сайрам, Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көмекке келген.

Айта кетейік, 6 мамыр күні қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы Ленгір өзенінің деңгейі өзінің суды өткізу мүмкіндігінен үш есе көтерілген. Су басудың салдарынан құлаған немесе бұзылған құрылыс нысандары жоқ.
Өзен жағалауы бойындағы 2 тұрғын үйдің аулалары мен қораларына су кіріп, 6 сарай, 16 аула, бір монша мен жазғы асхананы су шайып өткен.

Сонымен қатар, өзен бойындағы Жаңаұйым елді мекеніндегі бірнеше көшедегі газ құбырына зақым келуіне байланысты жалпы 121 тұрғын үй газ жүйесінен уақытша ажыратылды. «Көктерек» су жинау имаратының жұмысы тоқтатылып, Ленгір қаласының шығыс бөлігіндегі 3 мыңнан астам үй ұңғымалар арқылы уақытша ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Келтірілген залалдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасын табады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close