Түркістан облысы

Түркістан: Ордабасы ауданында екі ауылда ауыз су жүйесі іске қосылды

0
(0)

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Кемер және Нұра ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков шараға арнайы қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету ауданның даму бағытында атқарылатын жұмыстардың бастысы екенін жеткізді.
Ордабасы ауданындағы 57 елді мекеннің 93%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа 31 елді мекеннің ауыз су жүйелері жөндеуден өткен. Сонымен қатар, Боралдай, Жусансай және Арыстанды ауылдарының ауыз су жүйесі іске қосылды.
Биыл Аққойлы, Шұбарсу ауылдарының 2-ші және 3-ші кезеңдері, Қараспан, Бейсен, Мақташы, Сарыарық ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылды. Қараспан ауыл округіне қарасты 3 ауылдың ( Ынтымақ, Мәдениет, Жұлдыз) су қоры зерттелуде.
Жыл ішінде Шұбарсу ауылындағы ауыз су жүйесі құрылысының 1-кезеңі, Ақсары, Қызылсеңгір, Сарытоғай ауылдарындағы құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар құбырлы ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда. Бадам ауылындағы «Орда» мөлтек ауданының тұрғындары да таяуда таза сумен қамтамасыз етіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button