Түркістан облысы

Білім бөлімдеріне бөлінген планшеттер – Департамент бақылауында болмақ

0
(0)

Еліміздегі эпидемиялық ахуалға қарамастан, ұрпағымызға сапалы білім беруді жалғастыру ел болашағы үшін – маңызды қадам.

Түркістан облысында жалпы білім беретін мектептер жаңа оқу жылын қашықтан оқыту жүйесімен бастады. Оқушыларды қашықтан оқыту жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында республикалық және жергілікті бюджет есебінен 22 213 планшет пен компьютер берілу жоспарлануда.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаржыға Түркістан облысының аумағында орналасқан мектеп оқушыларына қашықтықтан оқыту үшін планшеттер келіп жетті.
Арнайы комиссия құрамында облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасарлары Өсербаев Амантай, Садыкова Ардақ, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жүндібаев Ғабит, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, «NurOtan» партиясының Түркістан облыстық филиалының өкілі Зайтжанов Қуанышбек, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жансеитов Олжас және цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Янабаев Ерлан болды.

Комиссия құрамының бақылауымен киелі өңірге алғашқы 2818 планшет және 2818 «Beeline» нөмірлері келіп, оқушыларға тарату жұмыстары басталды.

Айта кетсек, алдағы уақытта облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты қала/аудандардағы білім бөлімдеріне бөлінген планшеттердің таратылуын және толық тасымалдануын «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жіті бақылайтын болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close