Түркістан облысы

«Worldskills Turkestan 2020» чемпионаты басталды

0
(0)

Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған «Worldskills Turkestan 2020» чемпионаты басталды. Өңірлік іріктеу байқауында 319 студент 46 мамандық бойынша бақ сынайды, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бірнеше мамандық бойынша байқауға қатысқан студенттердің чемпионаты 10 күнге жалғасады. Сайыста жастардың тәжірибелік дайындығы мен кәсіптік біліктілігі шыңдалып, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті қалыптасады. Сондай-ақ, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны іс жүзінде қолдана алу біліктілгі сыналады.

Байқаудың биылғы ерекшелігі, Түркістандағы маңызды құрылыс саласына мейлінше назар аударылып отыр. Сайыс жеңімпаздарына ұлттық чемпионатқа жолдама беріледі деп жоспарланған. Сондай-ақ, арнайы сыйлықтар қарастырылған. Айта кетейік, жастар аталған чемпионатқа 2015 жылдан бастап қатысып келеді.

Сол жылдар ішінде қол жеткізген жетістік аз емес. Мәселен, былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan – 2019» V республикалық чемпионатына облыстан 33 студент қатысқан болатын. Оның ішінде 17 дарынды жас 4 алтын, 2 күміс, 2 қола, 9 медальон жеңіп алған еді. Жалпы командалық есепте облыстың студенттері үшінші орынды иеленген болатын.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close