Түркістан облысы

Мақтарал ауданының Өргебас ауылында жаңа үйлер салына бастады

0
(0)

Мақтарал ауданындағы Өргебас ауылының тұрғындары су тасқынында зақым келген үйлерін бұзып, орнына салынатын жаңа баспананың құрылысына кірісіп кетті. Ауыл тұрғындарының әрқайсысына Үкімет резервінен бөлінген 17 млн теңгенің жарты ақшасы беріліп жатыр, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған ауылда жалпы 190 үй бар болса, бүгінде оның 168 үй иесіне 8,5 млн теңге аударылған. Қалған отбасылармен келесімшарт жасалып жатыр. Бөлінген қаражаттың көлемі жергілікті халыққа үш бөлікпен аударылатын болады. Қазіргі таңда Өргебас ауылында 118 үй күреліп, 35 үйдің іргетасы құйылып жатыр.

Сондай-ақ, үш үйдің қабырғасы қалана бастаған. «Мемлекеттен берілген 8,5 миллион теңгені алып, өз қалауымызша үй салып жатырмыз. Қабырғасын кірпіштен қалаймын деп жоспарлағанмын. Құрылысты екі айда аяқтап, күн суығанға дейін үйге кіріп аламыз деп отырмыз. Жұмысшылар жеткілікті, қаржы уақытында аударылды», – дейді ауыл тұрғындарының бірі Малыбек Жолдасов.

Ал, ресейлік Әлишер Усманов қорының 1 000 долларлық жәрдемақысы ауылдың 105 жанұясына берілген. Өзге отбасылардың құжаты рәсімделіп жатыр. Айта кетейік, ауылдағы үйлерді күреу мен құрылыс жұмыстарына 54 жұмысшы мен 9 техника жұмылдырылған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close