Түркістан облысы

Түркістан мен Самарқанд арасындағы ынтымақтастық байланыс артады

Түркістан мен Самарқанд қалалары арасындағы ынтымақтастық байланыс артады. Түркістан қаласынан арнайы аттанған делегация Самарқанд қаласының әкімі Фазлиддин Умаровпен, сондай-ақ жергілікті туризм, кәсіпкерлік және экономика салаларының басшыларымен кездесті.

Басқосуда келісім мен ынтымақтастық шарттарын жүзеге асыру үшін атқарылатын жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, келісім негізінде түркістандық қолөнершілер Самарқандқа барып, сан ғасырлық тарихы бар қолөнердің жауһарларын зерттеу жұмыстарына қатысады.

Айта кетейік, 2022 жылы 20-21 желтоқсанда Ташкентте өткен Қазақстан мен Өзбекстан бизнес-форумы аясында Самарқанд қаласы мен Түркістан қаласы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.