Түркістан облысы

Түркістандықтар Түркияға гуманитарлық көмек тиелген 2 ұшақ жөнелтеді

Түркия еліндегі жер сілкінісі әлем халықтарының ортақ қайғысына айналғаны белгілі. Ал бауырлас қазақ халқына тіпті ауыр тиді, деп Newsroom.kz жазады.

Мемлекет басшысының бастамасымен 100-ден құтқарушы мен дәрігер Түркияның зілзала болған қалаларына аттанды.

Сондай-ақ, еліміздің әр өңірінде гуманитарлық көмек жинаушылар саны артып келеді. Соның бірі – Түркістан қаласындағы Халықаралық «Turkistan» әуежайы. Мекеме Түркияның Ыстамбұл қаласына 10-11 ақпан күндері арнайы гуманитарлық рейс ұйымдастырып отыр. Кез келген азамат өз мүмкіндігінше көмек бере алады. Ол үшін ересектер мен балаларға арналған жылы қысқы киімдер, көрпе-төсек, тұрмыстық заттарды «Turkistan» әуежайына әкелуі қажет.

Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы – 2 тонна. Әуе рейстерін «Fly Arystan» және «Turkish Airlines» компаниялары орындайды. Қаржылай көмек беремін деушілерге айта кетсек, каспий нөмір мен байланыс нөмірі: 8 702 165 25 67 Шынболат.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.