Түркістан облысы

Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының үндеуі

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

2022 жылғы 20 қараша

Қазақстан Республикасы Президентінің

кезектен тыс сайлауы.

Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі – Сіздің сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз.

Тізімдерді дауыс беруге арналған нақты учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жасайды. Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тізімдерге олардың орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берген өтінішінің негізінде енгізіледі.

Дауыс беру күні тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын әрбір азамат дауыс беру күніне бір ай қалғанда, яғни 2022 жылғы 20 қазанынан кешіктірмей тиісті әкімдікке өтініш беріп, олардың нақты орналасқан жері бойынша сайлау учаскесінде тіркелуге құқылы.

Өтініш түскен кезде әкімдік азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

Осы құқықты:

– дауыс беру күні тіркелген жері бойынша болмайтынын білетін азаматтар;

– басқа қаладан келген, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын, жатақханалардан тыс тұратын студенттер;

– вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады.

Азамат сайлаушылардың бір ғана тізіміне енгізіледі.

Сайлаушылар тізіміне тіркелген жеріңіз бойынша енгізілгеніңізді тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталығы арқылы тексеруге болады.

2022 жылдың 4 қарашасынан бастап Сізге өз учаскеңіздегі сайлаушылар тізіміндегі деректеріңізді тексеру мүмкіндігі беріледі.

Құрметті сайлаушылар!

Сіздерді құқықтық сауаттылық танытып, өзіңіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!

Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қажетті заңдық маңызы бар әрекеттерді уақтылы қабылдаңыз!

ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.