Түркістан облысы

Түркістан облысынан жөнелтілген 100 тоннадан астам гуманитарлық көмектің алғашқы легі Қостанай облысына жеткізілді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысынан жөнелтілген 100 тоннадан астам гуманитарлық көмектің алғашқы легі Қостанай облысына жеткізілді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен аудан-қалалық Жастар орталықтарының басшылығы, ерікті жастар Қостанайдағы көмек қабылдау штабына заттарды тасуда.

Айта кетейік, 7-қыркүйек күні Түркістаннан Қостанайға 100 тоннадан аса гуманитарлық көмек жөнелтілді деп хабарланған болатын. Қостанай облысында төтенше жағдай орын алған сәттен Түркістан облыстық Жастар Ресурстық орталығының жанынан жедел штаб құрылып, барлық 17 аудан, қалалық Жастар ресурстық орталықтарында гуманитарлық көмектер қабылданды. Нәтижесінде Қостанай облысына бүгінге дейін 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді. Аталған шараға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этно-мәдени бірлестіктер, облыстық Қазақстан студенттер Альянсы белсенділері, «Jas Qadam» жастар ұйымы, «Көзқарас» ұйымы белсенділері, облыстық «Аманат» партиясының, облыстық іскер әйелдер қауымдастығы мүшелері де ерекше атсалысты. Алғашқы күннің өзінде аудан, қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті жомарт азаматтар ең қажетті және жолға жарамды заттармен қамтып үлгерді. Бір тәуліктің ішінде Мақтаарал ауданы, Арыс және Түркістан қалаларынан жалпы 3 жүк көлік гуманитарлық көмек жиналып, Қостанайға жолға шықты. Облыстық Қоғамдық даму басқармасына қарасты облыстық Жастар ресурстық орталығы, Қоғамдық келісім мекемесінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен азық-түлік өнімдері, ауыз су, жеке гигиеналық заттар және төсек-орын жабдықтарын қосқанда 23 тонна гуманитарлық көмек жинақталып, Қостанай облысына жөнетілді. Аталған көмекті Қостанай облысына дейін жеткізу өңірдегі Жастар Ресурстық орталықтарының басшылары, облыс белсенділеріне жүктелді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.